Өскемен ЖЭО қысқы маусымға дайындығын көрсетті
«Өскемен ЖЭО» ЖШС БАҚ өкілдері, табиғи монополияларды реттеу департаменті және қоғамдық ұйымдар үшін баспасөз турын өткізді.
Станция 1947 жылдан бері жұмыс істейді және 40 заңды тұлғаны жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Белгіленген қуаты - электр энергиясы бойынша 372,5 МВт, жылу бойынша 859,9 Гкал/сағ. Жылу тікелей жылу коллекторларынан, меншік желілерінсіз беріледі.
Соңғы жылдары ЖЭО-ны дамытуға бағытталған инвестиция көлемі артты. 2025–2026 жылдары жаңғырту жұмыстарына 7,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, тарифтер кезең-кезеңімен көтеріледі және тұтынушылар алдында есеп беріледі.
Баспасөз турына қатысушылар инвестициялық бағдарлама аясындағы ірі жөндеу жұмыстарының барысын көрді:
- №9 турбинадағы құбырларды ауыстыру;
- №11 және №12 қазандықтарға баратын бу құбырларын ауыстыру;
- №8, №12 және №13 қазандықтарды күрделі жөндеу;
- Жерасты су құбырларын жаңарту: 2025–2028 жылдар аралығында 4 кезең;
- №5 жаңа күл үйіндісінің құрылысы.
№5 жаңа күл үйіндісі №3 күл үйіндісінің алмастырады. Қазіргі таңда жер асты суларын қорғау үшін сүзгіге қарсы экранмен бірге геомембрана төсеу жұмыстары жүргізілуде. Күл үйіндісінің аумағы – 20,1 га, пайдалы сыйымдылығы – 3,21 млн м³, 11,5 жылға жететін күл жинауға есептелген. №5 күл үйіндісі Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында орналасқан бұрынғы кірпіш зауытының пайдаланылған саз карьерінде салынған. Бұл аумақ бұған дейін рұқсатсыз қалдықтар төгілген жер болған. Күл-қож қалдықтары қауіпсіз болып келеді және құрылыс материалы ретінде қолданылады.
Станцияда айналымды гидро-күл тазалау жүйесі жұмыс істейді. Күл-қож қоспасы багерлік сорғы станциясы арқылы күл үйіндісіне жеткізіледі, ал тазартылған су қалқымалы сорғы станциясы арқылы қайта ЖЭО-ға қайтарылады. Қазіргі күл-қож құбыры №3 күл үйіндісіне тартылған, ал одан №5 жаңа күл үйіндісіне ұзындығы 3,5 км жаңа құбырлар жүргізілуде. Кәсіпорын сарқынды сулардың төгілуін болдырмау және суды қайта пайдалану үшін айналымды сумен жабдықтау жүйесін қолданады.
Өскемен ЖЭО-да магистральдық бу құбырларын қайта жаңарту жобасының бес жылдық кезеңі аяқталуда. 140 ата бу құбырларының тозу деңгейі 90%-ға жеткен. Жаңа магистральдық бу құбырларының ұзындығы – 1 162 метр. Олардан турбиналар мен қазандықтарды қосатын жаңа бу құбырлары тартылды. Құбыр диаметрінің үлкеюіне байланысты өткізу қабілеті 1,5 есеге артты. Ресурс мерзімі 100 000 сағаттан 200 000 сағатқа дейін ұлғайды. Жаңа бу құбыры №11 қазандық агрегатына қосылды, енді кезек – №12 қазандық агрегатына. Сондай-ақ бу құбырлары жүйесінің аспалы тіректері орнатылып жатыр. Жаңа бу құбыры қауіпсіз пайдалану үшін отын беру жүйесін айналып өтіп жүргізілген.
- Жерасты су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары да жалғасуда.
- Мердігер ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді.
- ЖЭО ұжымында барлық жұмыстар қатаң бақылауда, мақсат - жылыту маусымын дер кезінде бастап, ақаусыз өткізу.