Өскемен ЖЭО командасы - «Алтын күз - 2026» чемпионы!
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/13.10.26/13.10.26.jpg

Өскемен ЖЭО командасы - «Алтын күз - 2026» чемпионы!

| Жаңалықтар

11 қазанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының әуесқой командалары арасында шағын футболдан өткен «Алтын күз» XIX ашық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобына кіретін Өскемен ЖЭО командасы ШҚФЛ Жоғары лигасында бірінші орынды иеленіп, жоғары спорттық шеберлігін, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жүлделі орындар:

  • 1-орын - «Өскемен ЖЭО»
  • 2-орын - «Ярыш»
  • 3-орын - «Барқытбел»

Сонымен қатар, Өскемен ЖЭО командасының ойыншылары жеке номинациялар бойынша да үздік атанды:

  • Үздік қақпашы - Вячеслав Мазуряк (Өскемен ЖЭО)
  • Үздік қорғаушы - Әділет Жеңіс (Өскемен ЖЭО)

Бұл жеңіс - табанды дайындықтың, жоғары шеберліктің және мықты командалық рухтың нәтижесі. Энергетиктеріміз өндірісте ғана емес, спорт алаңында да үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді!

Өскемен ЖЭО командасын чемпиондық атағымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz