Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2025/14_04_25.jpg

ҚР Үкіметі аппаратының мемлекеттік инспекторы жұмыс сапарымен Өскемен ЖЭО-да болды

| Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі аппаратының мемлекеттік инспекторы Ернар Хасенов Өскемен жылу электр орталығына келді. Сапардың мақсаты-Шығыс Қазақстанның ең ірі жылу электр орталығының қызметімен танысу.

Бүгінгі күні Өскемен ЖЭО-да 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына бекітілген дайындық кестесіне сәйкес жөндеу іс-шараларының кешені басталады. Жұмыстар кәсіпорынның негізгі және қосалқы жабдықтарын қамтиды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Нугуманов өндірістік цехтар бойынша экскурсия жүргізіп, жөндеу науқанының дайындық кезеңіне, техникалық жаңғырту және еңбекті ұйымдастыру жұмыстарына шолу жасады. Аралау барысында тараптар энергия тиімділігі, жабдықтың сенімділігі және қыс мезгілінде тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Өскемен ЖЭОөңірдің энергетикалық инфрақұрылымының стратегиялық маңызды объектісіболып табылады ал келесі жылыту маусымының сәтті өтуінің негізгі факторларының бірі - жөндеу бағдарламасын уақтылы іске асыру.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz