Өскемен ЖЭО-да халықаралық делегация болды
Өскемен ЖЭО-ға Азия даму банкі өкілдерінен, Arup және KPMG компанияларының сарапшыларынан және энергетика саласының профессорларынан құралған делегация келді.
Қонақтарға станцияның жұмысы, жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жобалары және жабдықтардың алдағы жылыту маусымына дайындық барысы таныстырылды. Қатысушылар кәсіпорынның қаланы жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға бағытталған негізгі даму бағыттарымен танысты.
Кездесуде энергия үнемдеу мәселелері талқыланды. Банк өкілдері, өз кезегінде, «жасыл» энергетика жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кездесу соңында өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өзара пікір алмасты және Өскемен ЖЭО-ның алдағы уақытта үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуіне тілектестік білдірді.