Өскемен ЖЭО-дағы 30 жыл: Наиль Ахмедзянов еңбек жолын аяқтады
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/14.08.25/14_08_25.jpg

Өскемен ЖЭО-дағы 30 жыл: Наиль Ахмедзянов еңбек жолын аяқтады

| Жаңалықтар

2025 жылғы 14 тамызда «Өскемен ЖЭО» ЖШС турбиналық цехының слесарь-регенераторшысы Ахмедзянов Наиль Шакурович еңбек жолын абыроймен аяқтап, зейнет демалысына шықты.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері. Наиль Шакурович еңбек еткен жылдарында кәсіпорын мен облыс басшылығының алғыс хаттарымен, сондай-ақ «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының құрмет грамотасымен» марапатталған.

Еңбек жолын жөндеу-құрылыс цехында слесарь-сантехник болып бастаған. Наиль Ахмедзянов - білікті маман. Жабдықтың тиімді жұмысын қамтамасыз ету, пайдалану шығындарын азайту бағытында көптеген ұсыныстар енгізді.

Пайдаланылған майды қайта өңдеу мен тазалау режимін орнату жұмыстарын жоғары деңгейде орындап, турбиналық жабдықтың тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне айрықша үлес қосты. Сонымен қатар, ол жас мамандарды тәрбиелеп, цех пен кәсіпорынның өндірістік міндеттерін сапалы орындауға баулыды. Өз қызметінде өндірістік тәртіп пен еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, ұжымда жұмыс үдерісін тиімді ұйымдастырды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz