Жұмысшы жастардың кездесуі
2025 жылдың 12 қарашасында Өскемен қаласында «Qazaqstan dauiri» газетінің директоры, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызымен жұмысшы жастардың кездесуі өтті.
Бұл маңызды іс-шараға Өскемен ЖЭО кәсіпорнының бес жас маманы қатысты. Кездесу барысында Сәуле Мешітбайқызы қазақ тілінің маңыздылығын атап өтіп, жастардың ел болашағындағы орны мен жауапкершілігі туралы ой бөлісті. Ол жас мамандарды білім алуға, өз саласында үздік болуға және қоғам дамуына үлес қосуға үндеді. Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.