Өскемен ЖЭО негізгі жабдықтарын жаңартуда
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/15.01.26/15.01.26.jpg

Өскемен ЖЭО негізгі жабдықтарын жаңартуда

| Жаңалықтар

Станцияны электр энергиясымен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында Өскемен ЖЭО-ға жаңа күштік трансформатор жеткізілді.

Жабдық CHINT компаниясында өндірілген. Бұл — қуаты 63 МВА болатын, 115 кВ кернеулі SFZ 63000/115 кВ маркалы күштік трансформатор. Жаңа агрегатты 110 кВ №1 ашық тарату құрылғысында іске қосу жоспарлануда.

Қазіргі таңда кәсіпорында барлығы 7 күштік трансформатор жұмыс істейді. 2026 жылы олардың екеуін ауыстыру, сондай-ақ тағы бір трансформаторды жеткізу көзделіп отыр. Жаңа трансформатор 1977 жылы шығарылған, қуаты 63 МВА болатын және нормативтік пайдалану мерзімін толық өтеген Т-3 күштік трансформаторының орнына орнатылады.

Жабдықты ауыстыру станцияның электротехникалық кешенін жоспарлы түрде жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Биыл станциядағы электр жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жалғасады, ал көктем мезгілінде 110 кВ №2 ашық тарату құрылғысында жұмыстар басталады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz