Өскемен ЖЭО ұжымының қайырымдылық акциясы
15 наурыз - Қайырымдылық күні. Өскемен ЖЭО ұжымы үшін бұл жай ғана атаулы күн емес, бұл - біздің қалыптасқан ізгі дәстүріміз бен басты ұстанымымыз. Аталған игі дәстүрді тұрақты ұстанып келе жатқан Өскемен ЖЭО қызметкерлерінің бастамашыл тобы жергілікті «Сәбилер үйіне» қолдау көрсетті.
Қайырымдылық бастамасы аясында балаларға жаңа әрі ыңғайлы дивандар сыйға тартылды. ЖЭО өкілдері балалар үшін жайлы орта қалыптастыру - ортақ міндет екенін және ұжым мұндай игі істерге үлес қосуға әрдайым дайын екенін атап өтті.