
Жаңаруға бағыт
Өскемен ЖЭО келесі жылыту маусымына дайындықты бастады. Жөндеу науқаны аясында 9 қазандық агрегаты мен 8 турбиналық агрегатты жөндеу жоспарланған.
Сорғыш газ құбырларын ауыстыра отырып,ст.№7 жәнест.№9 қазандық агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ст.№11 және ст.№13 қазандық агрегаттарының тозған қыздыру беттерін ауыстырумен орташа жөндеулері, сондай-ақ қосалқы жабдықтардың ағымдағы жөндеулері орындалады.
Қазіргі уақытта кәсіпорында мердігерлік ұйымның 149 адамы жұмыс істейді. Негізгі жабдықтың жылыту маусымына дайындығы 14% құрайды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің ұқыптылығының арқасында энергетикалық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар өз күштерімен орындалуда. 2025 жылға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 17,6 млрд теңгені құрайды, оның 7,5 млрд теңгесі «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша бағытталған.
Станция жыл сайын жылу және электр энергиясын сенімді жеткізуші мәртебесін растай отырып, күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алады.