Бір шебердің тарихы: слесарьдан ұрпақтар ұстазына дейін
Бүгін біз станцияда көпшіліктің құрметіне ие болған жан туралы әңгімелегіміз келеді.
Рымарев Сергей Леонович Өскемен ЖЭО-ға 1997 жылдың қаңтарында 3-разрядты бу-газ турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь болып келді. Содан бері арада отыз жылға жуық уақыт өтті. Осы жылдардың бәрінде ол энергетика саласына адалдығын сақтап қалды. Оның қолынан өткен күрделі тораптар қайта жаңғырды, оның білікті кеңестері жас мамандарға жол ашты. Сергей Леонович – нағыз кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар тәлімгер әрі сенімді серіктес.
15 тамыз күні Сергей Леонович 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шықты. Бұл сурет оның еңбек жолының алғашқы сәтінен бастап орталықтандырылған жөндеу цехындағы соңғы күніне дейінгі кезең – тұтас бір дәуірдің, қажырлы еңбектің, шынайы шеберліктің айнасы. Энергетика саласына сіңірген өлшеусіз еңбегіңіз үшін, талай шаңыраққа жарық пен жылу сыйлағаныңыз үшін және әріптестердің жүрегінде қалдырған жан жылуы үшін сізге айрықша алғыс білдіреміз, Сергей Леонович!