«ӨСКЕМЕН ЖЭО» ЖШС 2024-2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫНА КІРІСТІ
«Өскемен ЖЭО» ЖШС энергетиктері алдағы 2024-2025 жылыту кезеңіне жабдықтарды дайындауға кірісті.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі жылу электр орталығы және жылу және электр энергиясының негізгі өндірушісі болып табылады. Жалпы станцияда 9 қазандық агрегаты және 8 турбоагрегат орнатылған. Станция өңірдің қала құраушы өнеркәсіп кәсіпорындарын жылу энергиясымен, сондай-ақ Өскемен қаласын жылумен жабдықтаудың 80%-дан астамын қамтамасыз етеді. Белгіленген жылу қуаты – 859,9 Гкал/сағ, электр қуаты-372,5 МВт.
2024 жылға бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес ЖЭО-ның жылу энергетиктері қажетті жұмыстарға кірісті. Жабдық жылу жүктемесінің төмендеуіне қарай және электр станциясының жұмыс режиміне байланысты жөндеуге шығарылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі тұтынушылардың жылу және электр энергиясына қажеттілігін ескере отырып жасалған.
Жабдықтың есептік қызмет ету мерзімі аяқталған соң оның техникалық жай-күйін және одан әрі пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін мамандандырылған ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізеді. Жыл сайын станция жабдықтарының тозған бөлшектерін жаңарту және ауыстыру жұмыстары өткізіліп, орындалатын іс-шаралардың арқасында Өскемен ЖЭО жабдығы жұмысқа жарамды болып келеді.
Мәселен, жөндеу науқаны барысында алдағы 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде мынадай жұмыстар орындалатын болады:
- Бу қыздырғыш пен ауа жылытқышты ауыстыра отырып, №8 ст. қазандық агрегатын күрделі жөндеу;
- Артқы экранды ауыстыра отырып, №9 ст. қазандық агрегатын күрделі жөндеу, эмульгаторлардың құйындыларын ауыстыру;
- №10 ст. қазандық агрегатын күрделі жөндеу, бүйірлік экрандарды, бу өткізгіш, су өткізгіш құбырларды ауыстыру;
- №13 ст. қазандық агрегатын «ыстық» бу қыздырғыш пакетін, бу өткізгіш құбырларды, экранды бу қыздырғыш пакетін ауыстырумен күрделі жөндеу;
- №14 ст. қазандық агрегатын барабаннан коллекторларға дейінгі бу өткізгіш құбырларды, суық пакет коллекторларынан шеткі ширмалар коллекторына дейінгі бу өткізгіш құбырларды, «Шығыс» пакет коллекторларынан ПСК-ға дейінгі бу өткізгіш құбырларды, 1-ші сатыдағы бу салқындатқышты ауыстыра отырып күрделі жөндеу;
- №15 ст. қазандық агрегатының түтін сорғыштарының жүріс бөлігін ауыстыру;
- №3 түтін құбырын күрделі жөндеу;
- Күл құбырларын күрделі жөндеу;
- Салқындату мұнарасын күрделі жөндеу;
- Жаңа күл үйіндісін салу;
- 5-7 кезектегі жоғары қысымды қоректік құбырларды ауыстыру;
- Негізгі бу құбырларын қайта құру 140 ата;
- Бу құбырын қайта жаңарту 31,5 ата;
- АТҚ-1 (ашық тарату құрылғылары) қайта құру;
- №3 Багерлік сорғының ТП АБЖ-сін (АСУ ТП) қайта құру;
- Мазут бактарының екінші реттік қорғанысын қайта құру;
- №11 ст. турбина мен генераторды күрделі жөндеу;
- Түсіру кешенінің жабдықтарын жөндеу.
Жөндеу бағдарламасы шеңберінде энергетиктер іске асыратын іс-шаралардың барлық кешенін уақтылы орындау – Өскеменде жылыту маусымының сенімді өтуі үшін маңызды шарт.