Интеллектуалды «Квиз» ойыны өтті
Өскемен ЖЭО-да 16 наурыз күні «Наурызнама» онкүндігі аясында интеллектуалды «Квиз» ойыны өтті. Байқауға станцияның түрлі бөлімшелерінен 10 команда қатысты. Тартысты өткен сайыста қатысушылар өздерінің білім деңгейі мен ұйымшылдықтарын паш етті.
Жүлдегерлер:
- 1-орын - «Супер Семейка» (Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі)
- 2-орын - «Без шансов» (Өндірісті дайындау цехы)
- 3-орын - «Арлан» (Қазандық цехы)
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы ұжымымызға бірлік пен жаңа жетістіктер әкелсін!