Өскемен ЖЭО жылыту маусымына дайындықты күшейтуде
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының құрамына кіретін «Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеу науқанын жалғастырып, алдағы жылыту маусымына белсенді дайындық жүргізуде.
Станция жұмысының сенімділігін арттыру және тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын негізгі жабдықтарға бірқатар күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлады. Қосымша жөндеу іс-шараларын жүзеге асыру үшін ЖЭО Табиғи монополияларды реттеу департаментіне инвестициялық бағдарламаны түзету жөнінде өтінім жолдады.
Атап айтқанда, келесі жұмыстарды орындау жоспарлануда:
- №7 қазандық агрегатына бірінші және екінші сатылы бу қыздырғыштарын ауыстыра отырып күрделі жөндеу жүргізу;
- №11 қазандық агрегатына бірінші сатылы ауа қыздырғышын ауыстыра отырып күрделі жөндеу жүргізу;
- №15 қазандық агрегатына екінші сатылы КПП-дан ПСК-ға дейінгі бу құбырларын ауыстыра отырып күрделі жөндеу жүргізу.
Аталған жұмыстар жабдықтардың пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, ең жоғары жүктеме кезеңдерінде технологиялық бұзушылықтар тәуекелін төмендетуге және жылу энергиясын тұрақты өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Жылыту маусымына дайындық станцияның негізгі жабдықтарын уақытылы жаңартуды және жөндеуді талап етеді. Жоспарланған іс-шаралар қазандық агрегаттарының сенімділігін арттыруға, олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және күзгі-қысқы кезеңде Өскемен қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті Өскемен ЖЭО техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов.