Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері Өскемен ЖЭО-да болды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/16.10.25/16.10.25.jpg

Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері Өскемен ЖЭО-да болды

| Жаңалықтар

15 қазан күні Өскемен жоғары политехникалық колледжінің екінші курс студенттеріне арналған экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер Жылу автоматикасы және өлшеулер цехында болды. Ол жерде цех бастығы Станислав Дябденко студенттерге бөлімнің қызметі жайлы баяндап, оларға қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды көрсетті.

Сонымен қатар, студенттер Корпоративтік оқыту орталығының оқу полигондарын аралап, станцияның техникалық жабдықталуымен және жұмыс ерекшеліктерімен танысты.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығы жыл сайын Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне арналған таныстыру экскурсияларын ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар жастардың кәсіби бағдарын айқындап, таңдалған мамандыққа қызығушылығын арттыруға және нақты өндірістік үдерістер туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz