Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/16.07.2024/photo_2024-07-15_09-41-14333.jpg

Өскемен ЖЭО қайырымдылығы: Глубокое ауданының әлеуметтік бастамаларын қолдау және инфрақұрылымын дамыту

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әртүрлі мекемелері мен елді мекендеріне елеулі қайырымдылық көмек көрсете отырып, өзінің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына деген адалдығын тағы да растады.

Солнечное ауылы

Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Өскемен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не қолдан келгенше көмек көрсетеді. Қыста жылу энергетикасының жас мамандары қар тазалауға көмектеседі, көктемде сенбіліктерге қатысып, орталық аумағын абаттандыруға барынша ат салысады. Осы шаралар барысында Глубокое ауданының Солнечное ауылындағы қарттар үйінің азық-түлік өнімдерін қабылдап алу пунктіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жөндеу азық-түлікті сақтау және тарату жағдайларын едәуір жақсартып қана қоймай, қарттардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға тікелей әсер етті.

 Ушанов ауылы

Бұған қоса, Өскемен ЖЭО Глубокое ауданындағы Ушанов ауылының өзекті инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге қатысады. Ушанов ауылдық округінің әкімімен ынтымақтастық аясында станция технологиялық процестен шыққан, бірақ Ушаново ауылының су тасқыны қаупі бар жерлеріндегі ескі құбырларды ауыстыруға жарамды құбырларды табыстады. Бұл өткен көктемдегі су тасқыны жағдайында өте маңызды болып табылады және су өткізу жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді. Жұмыстар Школьная, Рабочая, Спортивная және Тәуелсіздік көшелерінде жүргізіледі, және бұл тұрғындарды су тасқынынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

 Опытное поле ауылы

Станция үшін Опытное поле ауылы ерекше маңызға ие. Өскемен ЖЭО Глубокое ауданының Опытное поле ауылындағы «Опытное поле ОМ» КММ аумағында орналасқан хоккей қорабына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін демеушілік көмек көрсетті. Бұл салауатты өмір салтын насихаттауға және спорттық таланттарды дамытуға ықпал ете отырып, оқушылар мен жастардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасайды. Бұл бастамалар Өскемен ЖЭО-ның қаланы тұрақты және сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның неғұрлым осал топтарын қолдап, шалғайдағы елді мекендердегі өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ете отырып, қоғам өміріне белсенді қатысатынын тағы да растайды. Іске деген осындай қарым-қатынас ең жоғары бағалауға лайық және басқалар үшін үлгі болып табылады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz