Өскемен ЖЭО электр қуатын аттестаттаудан сәтті өтті
Өскемен ЖЭО тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге дайындығын растады. Станция барлық Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары үшін міндетті процедура болып табылатын электр қуатын жыл сайынғы аттестаттаудан сәтті өтті.
Аттестаттауды жүйелік оператор «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізеді. Тексеру барысында станцияның іс жүзінде желіге қандай қуат бере алатыны және жабдықтың мәлімделген сипаттамаларға сәйкестігі анықталады. Өскемен ЖЭО-да тексеру 12–13 наурыз аралығында өтті. Бұл күндері станция жабдықтардың толық құрамымен жұмыс істеді. Мамандар агрегаттар жұмысының сенімділігін және ең жоғары жүктемелер кезіндегі персонал іс-қимылдарының үйлесімділігін тексерді.
Эксплуатация жөніндегі техникалық директордың орынбасары Жандос Тұраровтың хабарлауынша, тұтынудың кешкі ең жоғары шегі (пик) кезеңінде станция төрт сағат бойы желіге электр энергиясын берудің максималды деңгейін ұстап тұрды.
Сынақ қорытындысы бойынша:
- станцияның аттестатталған электр қуаты - 308 МВт
- меншікті қажеттіліктер қуаты - 57 МВт
Аттестаттаудан сәтті өту ЖЭО-ның жоғары жүктемелер жағдайында да өңірді тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге дайын екенін растайды. Станция жұмысының сенімділігі мен тұтынушыларды энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету кәсіпорынның басымдығы болып қала береді.