«Өскемен ЖЭО» қызметкерлері жи-мен жұмыс жасаудың қыр-сырын меңгерді
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/17.07.25/17_07_25.jpg

«Өскемен ЖЭО» қызметкерлері жи-мен жұмыс жасаудың қыр-сырын меңгерді

| Жаңалықтар

Өскемендегі ЖЭО қызметкерлері «Жасанды интеллектіні бизнес-процестерде қолдану» тақырыбы бойынша арнайы оқытуға қатысты. Аталмыш шараны Руслан Егембаев жүргізді @ruslan_yegembayev .

Оған қатысушылар ChatGPT сияқты заманауи жасанды интеллект (ЖИ) құралдарымен танысып, есеп-қисапты жеңілдету, құжат айналымын автоматтандыру және тиімділікті арттыру үшін қалай пайдалануға болатынын үйренді.

Оқыту теория мен практиканы ұштастыра отырып өтті. Шара барысында аталмыш мекеменің қызметкерлері нақты мысалдар арқылы ЖИ-ді қолдануды тәжірибе жүзінде байқап көрді. «Өскемен ЖЭО» жоспарлы экономика бөлімінің басшысы Маргарита Қаиырбаева оқыту барысында алған әсерімен бөлісті:

«Бұл оқыту өте пайдалы болды. Жасанды интеллект арқылы көптеген процестерді жеңілдетуге болатынын көрдік. Бұл - бүкіл ұжым үшін даму мен тиімділікке қол жеткізудің жаңа мүмкіндігі». Іс-шара компанияның цифрлық трансформация бағыты аясында өтіп, күнделікті жұмысқа жаңа технологияларды енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz