Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2023/17.08.23/17.08.23.jpg

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-де баспасөз туры өтті

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарлама іс-шараларын орындау шеңберінде «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де баспасөз турын ұйымдастырды.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының және Өскемен қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов қатысушыларды ағымдағы жөндеу науқаны және биылғы инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы хабардар етті, кәсіпорынды аралап, жұмыс үрдісімен тікелей цехтарда таныстырды. Баспасөз турына қатысушылар ст. №№15,13 қазандық агрегаттарына, ст. №12 турбина агрегатына және күл үйіндісіне барды.

Биылғы инвестициялық бағдарламаға бұдан бұрын 2 505 402 мың теңге сомасына мынадай іс-шаралар енгізілген болатын:

  • Жаңа күл үйіндісін салу.
  • Негізгі 140 ата бу құбырларын ауыстыру жобасын іске асыру.
  • №7 қазандық агрегатының эмульгаторларының құйындыларын ауыстыру.
  • Күл құбырларын күрделі жөндеуден өткізу.
  • №15 қазандық агрегатының күрделі жөндеу, оң жақ экран панельдерін ауыстырумен, - деді "Өскемен ЖЭО" ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов.

Сондай-ақ станцияның тозу деңгейін төмендетуге бағытталған Инвестициялық бағдарламаға 999 361 мың теңге сомасына есептелген қосымша іс-шаралар кіреді:

  • Бу қыздырғышын ауыстырумен ст.№10 қазандық агрегатын күрделі жөндеу.
  • Ауа жылытқышын ауыстырумен ст. №10 қазандық агрегатын күрделі жөндеу.
  • Перделік бу қыздырғышты ауыстырумен ст. №12 қазандық агрегатын күрделі жөндеу.
  • Артқы экран панельдерін, бүйірлік экрандарды, артқы радиациялық бу қыздырғышты ауыстырумен ст. №15 қазандық агрегатын күрделі жөндеу.
  • Ауа жылытқыштың "суық" бөлігін ауыстырумен ст.№14 қазандық агрегатын күрделі жөндеу.
  • Бу өткізгіш құбырларды бу қыздырғыштың "шығу" пакетінен ПСК коллекторына ауыстырумен ст.№14 қазандық агрегатын күрделі жөндеу.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС жабдықты жұмысқа жарамды күйде ұстау бойынша барлық қажетті жұмыстарды орындайды, өз тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін барынша күш салады. Жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz