Өскемен ЖЭО Энергетиктері «Таза Қазақстан» Экологиялық Акциясы аясында белсенділік танытты
Сенбіліктерді ұйымдастыру Өскемен ЖЭО-да бұрыннан келе жатқан дәстүр болып табылады.
Биылғы жылы да жылу энергетиктері туған қаласын көркейту бойынша ортақ іске үлкен ынтамен үлес қосуда.
6 сәуірден бастап Өскемен ЖЭО қызметкерлері күн сайын «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында сенбіліктерге шығып тұрады. Акцияның өзі бірнеше аптаға бөлінген. Атап айтсақ, 6-13 сәуір аралығында – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін – «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығында – «Мөлдір бұлақ» акциялары өтеді.
250-ден астам энергетиктер құрал-жабдықтарын қолға алып, жақсы көңіл-күймен және үлкен ынтамен ортақ іске ат салысты. Олардың жұмысының нәтижелері таң қалдырады: қысқа уақыт ішінде олар аумақты тазарта отырып, 21 текше метрден астам қоқыс жинай алды.
- Тазалау жұмыстарын біз әдетте апта сайын жүргіземіз. Ал көктемгі сенбілік – бұл барлық ғимараттардың іші мен ЖЭО аумағын қыстан кейін ретке келтіру бойынша жалпы тазалау, - деді өндірісті дайындау цехының бастығы Мақсат Тұрғанбаев.
Бірақ энергетиктердің ат салысуы тек тазалаумен ғана шектелмейді. Олар аумақты көгалдандырумен де белсенді айналысады. Станция аумағындағы көшеттер тек әсемдік үшін ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңызды элементі болу үшін отырғызылды.
Мұндай іс-шаралар әр адамның табиғатты қорғауға үлес қоса алатынын көрсетеді. Қызметкерлердің белсенділігі сапалы тазалауға ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық деңгейлерінде экологиялық жауапкершілік идеясын қолдауға мүмкіндік береді.
Өскемен ЖЭО қоғамға қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға, өмір сүру мен даму үшін салауатты және таза атмосфера құруға мүмкіндік беретін «Таза Қазақстан» акциясын қолдайды. Мұндай бастамалардың барған сайын танымал болып, қоғамның кең қолдауына ие болуы өте маңызды.