
Энергетика тұлғалары: студенттер Өскемен ЖЭО корпоративтік оқыту орталығында
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Өскемен ЖЭО» ЖШС корпоративтік оқыту орталығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің үшінші курс студенттері үшін танымдық экскурсия өтті. Оларға арнайы пәндер оқытушылары Лазаренко Олеся Дмитриевна мен Баденова Жанар Рамазановна – кәсіби бағдар және жұмысқа орналасуды мониторингілеу бөлімінің жетекшісі, «Жылу энергетикасы» пәнінің оқытушысы жетекшілік етті.
Экскурсия барысында студенттер еңбек қауіпсіздігі ережелерімен танысып, өндірістік жабдықтардың жұмысын өз көздерімен көрді. Станция мамандары энергетикалық нысандарды пайдаланудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуге Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Өскемен ЖЭО» базасында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттері қатысты. Олар өздерінің алғашқы кәсіби қадамдары туралы айтып, тәжірибеден алған әсерлерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС кәсіби білім беруді дамытуға және студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға үлкен мән береді. Өндірістік оқыту болашақ мамандарға теориялық білімдерін нақты жұмыс жағдайында қолдануға мүмкіндік береді.
Өскемен ЖЭО-ның корпоративтік оқыту орталығы алдағы уақытта да білікті мамандарды даярлау ісіне белсенді қатысып, білім беру мекемелерімен серіктестікті дамыту арқылы жас мамандардың кәсіби өсуіне қолдау көрсетуді жалғастырады.