Өскемен ЖЭО-да ұлттық киімдер шеруі өтті
Бүгін Өскемен ЖЭО-да «Наурызнама» онкүндігі аясында ұлттық киімдер күніне арналған дефиле сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа станцияның әр цехы мен бөлімінен келген қызметкерлер қатысып, өзара бақ сынасты.
Сән мен дәстүр ұштасқан байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- Ең үздік ұлттық әйел киімі: Автудинова Диляра - Өндірістік жоспарлау қызметінің басшысы;
- Ең үздік ұлттық ер киімі: Тұрғанбаев Мақсат - Өндірісті дайындау цехының басшысы.
Сайысқа қатысқан өзге де қызметкерлер түрлі номинациялармен марапатталып, оларға арнайы сый-сияпаттар табысталды. Барлық әріптестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!