Берік Қапасов – өз ісінің шебері!
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/18.06.25/18_06_25-2.jpg

Берік Қапасов – өз ісінің шебері!

| Жаңалықтар

Қапасов Берік Қапасұлы, 1978 жылдың 16 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келді.

Берік Қапасович Қапасов 2008 жылдан бері энергетика саласында еңбек етіп келеді. Өз еңбек жолын вагонаударғыш машинисі ретінде бастаған ол, бірнеше жыл отын беру жүйесінде жұмыс істеп, 2013 жылдан бері ауысым бастығы лауазымын абыроймен атқарып келеді. Көмірді қоймаға қабылдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, бульдозер, тепловоз, вагон-аударғыш машинистерінің жұмысын үйлестіру, жөндеу жұмыстарын сапалы орындау, құжаттаманы жүргізу - мұның бәрі зор жауапкершілік пен ұқыптылықты талап етеді.

Осы ауысымда пойыз құрастырушы, отын беру жүйесінің моторисі, жүк және багаж қабылдап-тапсырушы, мазут шаруашылығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь да еңбек етеді. Маңыздысы - Берік Қапасұлы жас әріптестеріне тәлімгерлік етіп келеді. Сонымен қатар ол кәсіби білімін үздіксіз жетілдіруде: алдымен Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжін, кейін Қазақстан-Америка Еркін университетін тәмамдаған.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отырған өнегелі әке. Көп жылғы тәжірибе мен жауапкершілік - Берік Қапасовтың басты ұстанымы.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz