Еңбекке адалдықтың үлгісі - Нұрбек Төлеубекұлы
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/18_07_25.jpg

Еңбекке адалдықтың үлгісі - Нұрбек Төлеубекұлы

| Жаңалықтар

Жұмажанов Нұрбек Төлеубекұлы - кәсібіне жан-тәнімен берілген, өмірін энергетика саласына арнаған білікті маман, «Еңбегі сіңген Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағының иегері. Ол 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында дүниеге келген.

Оқушы кезінде физика, математика, сызу пәндеріне ерекше ықылас танытып, болашақ мамандығына таңдау жасап қойған азамат бұл. Аталмыш пәндерге деген қызығушылығын оятқан ұстазының ықпалы зор болғанын өзі де жиі еске алады: «Мектептен дайын болып шықтым деуге болады», - дейді ол өткенін еске алып.

Орта мектепті тәмамдап, кейін Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Ал әскерден оралған соң энергетика техникумынан білім алып, кәсіби жолын 1987 жылы жылу электр орталығында (ЖЭО) бастайды. Содан бері табан аудармай 38 жыл бойы энергетика саласында еңбек етіп келеді. Қарапайым кезекші инженер қызметінен бастап, отын тасымалдау цехын басқарған, бүгінде Өскемен жылу электр орталығындағы электр цехының басшысы қызметін абыроймен атқарып жүр.

Нұрбек Төлеубекұлы - тек кәсіби шеберлігімен ғана емес, еңбекқорлығы және жауапкершілігімен де жас мамандарға тәрбие беріп, керек кезде тәжірибесімен бөлісе алады. Оның жұмысқа деген адалдығы мен жанкештілігі - көпке үлгі. «Демалыстамын» деген сөз Нұрбек Төлеубекұлының сөздік қорында мүлдем жоқ. Ол қажет кезде әрдайым жұмыс орнынан табылады. Осыдан-ақ бұл азаматтың еңбегіне деген адалдығын байқауға болар.

Айта кетейік, Нұрбек Төлеубекұлы отбасында да үлкен тәрбие мектебін қалыптастырған азамат. Ол бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірген. Ұлы - әке жолын қуып, елордада энергетика саласындағы жобалармен айналысады. Ал қызы - PR саласында еңбек етіп жүр. Бұл да әкенің кәсіби жолы мен өмірлік ұстанымының отбасы мүшелеріне де үлкен әсер еткенінің белгісі.

Иә, Нұрбек Төлеубекұлы - еңбекке деген адалдықтың, табандылық пен тұрақтылықтың жарқын үлгісі. Оның өмір жолы – бүгінгі жас ұрпаққа кәсіби шеберлікті, еңбекқорлықты және жауапкершілікті дәріптейтін айқын бағдар.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz