
Өскемен ЖЭО қызметкерлеріне ШҚМТУ оқыту бағдарламалары таныстырылды
2025 жылғы 15 мамырда Өскемен ЖЭО қызметкерлері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Бизнес-мектебінің өкілдерімен кездесті.
Декан Альфия Закимова бакалавриаттың, магистратураның, докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша және жетекші оқытушылардың қатысуымен MBA бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Өскемен ЖЭО ЖОО-мен - қазір «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ филиалымен «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға ие. Оқыту өндірістен қол үзбей қашықтықтан оқыту технологиялары мен практикасын қолдану арқылы жүргізіледі. Кәсіпорын қызметкерлері үшін оқу төлеміне жеңілдік қолданылады.
Техникалық, кәсіптік және жоғары білім базасында бакалавриат бағдарламалары бойынша ЖЭО-да 25 қызметкер, магистранттар - 2, докторант - 1 жұмыс істейді және оқиды.
Кездесу қызу қызығушылық пен көптеген сұрақтар тудырды, бұл дамуға ұмтылу мен болашаққа деген сенімділікті білдіреді.