Қысқы маусымға дайындық бақылауда
18 маусым күні «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының құрамына кіретін «Өскемен ЖЭО» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Архат Сыдықов жұмыс сапарымен келді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Данияр Тоқтарұлы Нұғыманов қонақты кәсіпорынның қызметімен, жөндеу науқанының барысымен және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы таныстырды.
Сапар барысында Өскемен тұрғындарын сенімді энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған станцияны жаңғыртудың негізгі жобалары ұсынылды. Негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарына, инвестициялық бағдарламаның іске асырылуына және жылу электр орталығының күзгі-қысқы кезеңге дайындығына ерекше назар аударылды. Архат Сыдықов атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымын жоғары бағалап, барлық жобалардың табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС өндірістік қуаттарды жаңғырту және өңірді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
#ӨскеменЖЭО #Өскемен #Энергетика #ЖылытуМаусымынаДайындық #ШҚО