Өскемен жэо қызметкерлері IOSH халықаралық сертификациясынан өтті
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіретін Өскемен жылу электр орталығының қызметкерлері халықаралық деңгейде қауіпсіз еңбек принциптеріне адалдығын дәлелдеді.
16-19 маусым аралығында Алматы қаласында IOSH Managing Safely бағдарламасы бойынша оқудан сәтті өтіп, қорытынды емтихан тапсырғандар:
- Тоқтасынов Мадияр Еркінұлы - инженер по подготовке кадров Корпоративного центра обучения Корпоративтік оқу орталығының кадрларды даярлау жөніндегі инженері;
- Өмірзақов Сырым Жанұзақұлы – Өндірістік бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері.
IOSH (Institution of Occupational Safety and Health) - еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі. IOSH Managing Safely бағдарламасы әлемнің көптеген елдерінде танылған және ол тәуекелдерді практикалық басқаруды, оқыс оқиғалардың алдын алуды және кәсіпорындарда қауіпсіздік мәдениетін дамытуды үйретеді.
Өскемен ЖЭО қызметкерлерін оқыту өндірістік тәуекелдерді анықтау және азайту жұмыстарын күшейтуге, қауіпсіздікті басқарудың заманауи құралдарын енгізуге және қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелеріне белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Энергетикалық өндіріс жағдайында қауіпсіздік - бұлжымас басымдық болып табылады. Сондықтан еңбекті қорғау және персоналды оқыту саласындағы мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту өндірістік процестердің сенімділігіне, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға тікелей әсер етеді.
Әріптестерімізді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта кәсіби өсу, жаңа білім және Өскемен ЖЭО-дағы жұмысында халықаралық тәжірибені сәтті қолдануды тілейміз!