Өскемен ЖЭО қысқа дайындық паспортын алды
Өскемен ЖЭО жылыту маусымына дайын. 2025 жылы ауқымды жөндеу науқаны өткізілді
Орындалған жөндеулер: № 11 қазандық агрегатын орташа жөндеу, № 8 және № 12 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу, сору газ жолдарын ауыстыра отырып, № 7 және № 9 қазандық агрегаттарын ағымдағы жөндеу, алты турбиналық агрегатында ағымдағы жөндеу және № 4 және № 9 турбиналық агрегаттарды күрделі жөндеу, отын беру жабдықтарын жөндеу, желілік су жылытқыштарын жөндеу, аккумуляторлық бакты жөндеу.
Станция жұмысының сенімділігін арттыру үшін ірі жобалар жүзеге асырылды:
- ОРУ-1 (ашық тарату құрылғысы) жаңғырту (2023-2025 жж.);
- 140 ата жоғары қысымды басты бу құбырларын ауыстыру (2021-2025 жж.).
Энергия өндіруші ұйымның 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық паспортын алуы қала тұрғындарын жылумен үздіксіз жабдықтау үшін Өскемен ЖЭО-ның жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.