Өскемен ЖЭО қызметкерлері World Cleanup Day экологиялық акциясына қатысты
19 қыркүйекте «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері жалпыреспубликалық сенбілік аясында өткен “World Cleanup Day” дүниежүзілік экологиялық акциясына қатысты.
World Cleanup Day қоршаған ортаның ластану мәселесіне қоғам назарын аударуға, табиғатты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Осындай бастамаларға қатысу - қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісі.