Өскемен ЖЭО командасында - Кубок
16 қазанда Өскемен қаласында энергетиктер арасында шағын футболдан спартакиада өтті.
Футбол алаңында ҚКЖ құрамына кіретін Өскемен ЖЭО, Шүлбі СЭС, Шығыс жылу желілері, БЭСК – QAMAL, Өскемен СЭС және Согра ЖЭО командалары кездесті. Ойындар тартысты өтті — әр команда жеңіске барын салды. Біздің әріптестер турнир барысында сенімді ойын көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды!
Өскемен ЖЭО командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Энергетиктеріміз кезекті рет шебер ойын, төзімділік пен нағыз командалық рух көрсетті.
Жарысты ұйымдастырған Энергетиктер кәсіподағына, сондай-ақ лайықты бәсекелестік пен спорттық атмосфера қалыптастырған барлық командаларға ерекше алғыс білдіреміз.