Өскемен ЖЭО - 2025 жылдың үздік әлеуметтік серіктесі
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/19.12.25/19.12.25.jpg

Өскемен ЖЭО - 2025 жылдың үздік әлеуметтік серіктесі

| Жаңалықтар

Өскемен қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылының» қорытындысына арналған облыстық форум аясында ҚКЖ компаниялар тобына кіретін Өскемен жылу электр орталығы Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан берілетін құрметті наградаға ие болды.

Кәсіпорын жас мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесі, өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуы және өндірісте практикалық бағыттағы оқытуды белсенді енгізгені үшін 2025 жылдың үздік әлеуметтік серіктесі деп танылды.

Бұл марапат - Өскемен ЖЭО-ның Шығыс Қазақстан облысындағы бейінді колледждермен жүйелі әрі көпжылдық ынтымақтастығының нәтижесі. Станция өндірістік тәжірибеден өтуге, тәлімгерлікке және түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыруға жағдай жасап, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және энергетика саласы үшін білікті кадрлар даярлауға ықпал етіп келеді.

Айта кету керек, бұл ұстаным ҚКЖ компаниялар тобының барлық кәсіпорындарына ортақ - еншілес ұйымдарда мамандарды үздіксіз даярлауды, кәсіби дағдыларды дамытуды және саланың тұрақты кадрлық резервін қалыптастыруды қамтамасыз ететін корпоративтік оқыту орталықтары жұмыс істейді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz