19 қазанда Қазақстанның құтқарушылары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді
2020 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің құрылғанына 25 жыл толады және сәйкесінше Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күнін атап өтіледі.
Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері - өрт сөндірушілер, құтқарушылар, ұшқыштар, дәрігерлер, психологтар, кинологтар. Олар төтенше жағдайларды жояды, өртті сөндіреді және құтқару жұмыстарын жүргізеді. Бұл, сөзсіз, ең батыл адамдар!
Мереке қарсаңында Өскемен ЖЭО аумағында орналасқан №106 Өрт сөндіру бөлімінде «Өрт Сөндіруші» АҚ президентінің және аймақтық филиалы директорының аттарынан Өскемен ЖЭО ЖШС күзет қызметіндегі үлгілі жұмыстары үшін ПАСЧ-106 қызметкерлері марапатталды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС барлық азаматтық қорғау жүйесінің қызметкерлерін құтқарушы күнімен құттықтайды! Республиканың барлық азаматтарының өмірі қауіпсіз болсын! Сіздерге зор денсаулық, табысты жұмыс, сарқылмас күш пен қуат тілейміз!