Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
images/news/2024/19.07.2024/5_1.jpg

Қазандық цехі – Өскемен ЖЭО энергетикалық жүрегі

| Жаңалықтар

«Өскемен ЖЭО» ЖШС Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі жылу электр орталығы, сондай-ақ жылу және электр энергиясының негізгі өндірушісі болып табылады.

Станцияда 9 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат орнатылған. Қазандық цехы ЖЭО-ның негізгі бөлімшесі және оның басты міндеті электр қуатын генерациялау мен ғимараттарды жылыту үшін пайдаланылатын жылу энергиясын өндіру болып табылады.

Цех екі параметрлі қызыған бу шығарады:

- Орташа қысым: 31 кгс/см², 415 ⁰С.

- Жоғары қысым: 140 кгс/см², 555 ⁰С.

Бұл будың энергиясы кейіннен қалаға қажет жылу мен электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады. Қазандық цехында 9 қазандық агрегаты, 3 багер сорғысы, 3 түтін құбыры және 1 күл үйіндісі бар. Осы жабдықтың барлығын пайдалану үшін 72 адам жұмылдырылған, олардың ішінде инженерлік-техникалық қызметкерлерден 8 адам және жұмысшы персоналдан 64 адам жұмыс істейді.

Қазандық цехының негізгі функцияларына мыналар жатады: турбиналық бу өндірісі; ыстық су және жылумен қамту үшін суды қыздыру; жабдықта коррозия мен шөгінділердің алдын алу үшін суды тазарту.

Қалада жаңа ЖЭО және Өскемен ЖЭО-да жаңа қазандық агрегатының жоспарланып отырған құрылысы туралы жаңалық қазандық цехында қуана қабылданды. Жаңа ЖЭО мен жаңа қазандықты сәтті іске қосу үшін өндірістік цехтарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету қажет. Бір қазандық агрегатының жұмысы жағдайында қазандық цехының мүлтіксіз қызметі үшін кемінде 25 адам қажет. Қосымша қазандыққа қызмет көрсету үшін инженерлік-техникалық қызметкерлер, жұмысшы персонал және ауыстыру персоналын қоса алғанда, қызмет көрсететін персоналдан тағы 10 адам қажет болады.

Жаңа ЖЭО құрылысы аяқталғаннан кейін ол жердің жабдыққа қызмет көрсету персоналы қазіргі жұмыс істеп тұрған жылу орталықтарынан қабылданады, ал бұл, өз кезегінде, жұмысшылардың кәсіби жағынан өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазіргі таңда республиканың энергия өндіруші кәсіпорындарында кадрлардың тапшылығы байқалып, энергетиктердің жаңа мамандарын белсенді оқыту және даярлау қажеттігі артып отыр.

Жоғарыды аталған барлық факторларды ескере отырып, жылу энергетикасы саласын дамыту үшін қаламызда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда деп сеніммен айта аламыз. Жылу энергетикасы саласы үшін білікті мамандарды даярлау қажеттілігі осы саладағы білім беру бағдарламаларының дамуын ынталандырып қана қоймай, қаламызға ұзақ мерзімді перспективада пайда әкеледі.    

Ернур Токушев

Өскемен ЖЭО қазандық жабдығының аға машинисі



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 1947-2024 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz