Ерсұлтан Естаев: «Компанияны жақсарта отырып, өзіміз де дамимыз»
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/20.11.26/20.11.26.jpg

Ерсұлтан Естаев: «Компанияны жақсарта отырып, өзіміз де дамимыз»

| Жаңалықтар

17-19 қараша аралығында Ordabasy Group операциялық тиімділік жөніндегі басқарушы директоры Ерсұлтан Естаев Өскемен жылу электр орталығында Кайдзен жүйесінің даму барысымен және қызметкерлердің өндірістік үдерістерді жетілдіруге бағытталған бастамаларымен танысты.

Сапар барысында ол өндірістік цехтарды аралап, қызметкерлер ұсынған 22 идея мен ұсынысты, сондай-ақ 15 Кайдзен жобасын қарауға қатысты. Ерекше назар еңбек жағдайларын жақсартуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған бастамаларға аударылды.

Өскемен ЖЭО-да қызметкерлердің Кайдзен жүйесіне қатысу белсенділігі айтарлықтай артқан. Биыл 371 идея ұсынылса, өткен жылы бұл көрсеткіш 201 болған. Осылайша, ұсыныстар саны шамамен 85%-ға өсті.

Ерсұлтан Естаев қызметкерлердің бастамашылдығын атап өтіп, әрбір ұсыныстың кәсіпорын тиімділігін арттырудағы маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Кайдзеннің басты мақсаты - қызметкерлерді күнделікті жұмыс үдерістерін жақсартуға тарту және үздіксіз даму мәдениетін қалыптастыру.

Сонымен қатар сапар аясында «Кайдзен-2030» стратегиясы таныстырылды. Жаңа стратегия қызметкерлердің кәсіби дамуына, үздіксіз оқытуға, тиімді тәжірибелерді топ кәсіпорындары арасында таратуға және ұсынылған идеяларды нақты нәтижеге айналдыруға бағытталған.

Ordabasy Group үшін Кайдзен - өндірістік тиімділікті арттыру құралы ғана емес, әр қызметкердің әлеуетін ашуға және компаниямен бірге дамуына мүмкіндік беретін корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz