2021 жылғы 24 қарашада Өскемен қаласында облыстық жастар форумы өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форумға облыстың барлық ұйымдары мен кәсіпорындарының жастары жиналды.
Соның ішінде іс-шараға Өскемен ЖЭО бастамашыл тобының жетекшісі – Өндірістік бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Сырым Өмірзақов қатысты.
Форум барысында бейнеконференцбайланыс арқылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов сөз сөйледі. Сондай-ақ-өнер және қоғам қайраткерлері құттықтады.
Форумның қорытынды бөлімінде Шығыс қазақстан облысы әкімінің "Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін"сыйлығының жеті номинациясы бойынша Үздік жастар өкілдерін марапаттады. Олардың арасында "Өскемен ЖЭО" ЖШС қызметкері Сырым Өмірзақов та болды - оған "Жылдың жас көшбасшысы" дипломы табыс етілді. Бұл марапат-кәсіпорынның жас қызметкерінің белсенді азаматтық ұстанымының, жақсартуға деген ұмтылысының, жауапкершілігі мен кәсіпқойлығының айғағы. Құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, сәттілік және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!