
Өскемен ЖЭО бас директорының станция жастарымен кездесуі: қорытындылар, жоспарлар және жаңа идеялар
«Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Данияр Нұғыманов кәсіпорынның белсенді жастарымен кездесу өткізді. Басқосуда 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі даму бағыттары талқыланды.
Ашық диалог барысында жас мамандар басшылыққа тікелей сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдіруге және станция жұмысы, кәсіби даму, сондай-ақ станция спортшыларының түрлі спорттық іс-шараларға қатысуы жөнінде өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.
Кездесуге қатысушылар кәсіби даму мен корпоративтік өмірге назар аударғаны, сондай-ақ жұмыс істеуге және өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасағаны үшін бас директорға алғыс білдірді.
Бұл кездесу басшылық пен жас мамандар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Олар кәсіпорынның дамуына белсенді түрде атсалысып, оның жұмысын жетілдіруге тың идеялар ұсынуда.