
Тазалық - өзімізден басталады
Өскемен жылу электр орталығында «Тaza Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер белсенді түрде өтіп жатыр.
Кәсіпорын қызметкерлері станция аумағын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына ынтамен атсалысуда.
Өндірістік және іргелес аумақтарды тұрақты тазалау, қоқыс шығару, ағаш отырғызу және жасыл желектерге күтім жасау ұжым арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің Бас директоры Данияр Нұғұманов өз пікірінде: «Біз "Тaza Қазақстан" бастамасын қолдаймыз және өңірді тұрақты жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға да үлес қосуды өз борышымыз деп санаймыз. Таза ел - әрқайсымыздан басталады», – деп атап өтті.