Үлбі өзенінің жағасы тазартылды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/21.04.25_4/21_04_25.jpg

Үлбі өзенінің жағасы тазартылды

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО энергетиктері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасын қолдап, Үлбі өзенінің жағалауында экологиялық тазалық акциясын өткізді.

Олар қоқысты жинап, құрғақ шөпті тазалап, жағалауды ретке келтірді. Кәсіпорын ұжымы табиғатқа деген қамқорлықтың тек міндет емес, корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі екенін іс жүзінде көрсетті.

«Әрқайсымыз өз қаламыздың, табиғатымыздың тазалығына үлес қоса аламыз. «Таза Қазақстан» бастамасын қолдай отырып, біз қаламызды ғана емес, туған өлкемізді де жақсартып, гүлдендіруге күш саламыз», — деді Өскемен ЖЭО атқарушы директоры Талғат Қайркенов.

Өскемен ЖЭО алдағы уақытта да Шығыс Қазақстанның табиғаты мен экологиясын сақтап қалу мақсатында қызметкерлердің күшін біріктіріп, әртүрлі экологиялық шараларға белсене қатысуды жоспарлап отыр.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz