Өскемен ЖЭО мамандары экология және энергетика саласындағы Қытай станцияларының тәжірибесін зерттеді
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/21.04.26/21.04.26.jpg

Өскемен ЖЭО мамандары экология және энергетика саласындағы Қытай станцияларының тәжірибесін зерттеді

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО қызметкерлері: инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директор Олжас Асылханов, қазандық цехының бастығы Алексей Стеблюк және қазандық жабдықтарын жөндеу жөніндегі инженер Дмитрий Халимоненко Қытайдағы үш станцияда болып, энергетикада қолданылатын заманауи технологиялық және экологиялық шешімдермен танысты.

Әріптестеріміз қоршаған ортаға тиетін әсерді азайтуға және шығарындыларды төмендетуге бағытталған түтін газдарын тазартудың жартылай құрғақ және ылғалды жүйелерін зерттеді.  Сондай-ақ, станция қызметкерлері қуаттылығы әртүрлі энергия нысандарында - шағын станциялардан бастап ірі нысандарға дейін жабдықтардың орналасуы қалай ұйымдастырылғанын көрді.

Мұндай сапарлар өндірістік процестерді одан әрі жетілдіруге пайдалы болатын практикалық тәжірибені, заманауи экологиялық тәсілдер мен техникалық шешімдерді көруге мүмкіндік береді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz