Өскемен ЖЭО-да жаңа қоректендіру сорғылары орнатылды
Станцияда екі бірдей жаңа қоректендіру электр сорғысы (ПЭН-1 и ПЭН-10) іске қосылды.
Қоректендіру сорғыларының басты міндеті – одан әрі қыздыру үшін қазандықтарға қажетті суды үздіксіз жеткізіп отыру. Сорғыларды ауыстыру жұмыстары 2025 жылы басталған, тіпті олардың бірінің іргетасы толығымен жаңартылды. 2026 жылы екі агрегат та жұмысқа сәтті қосылды. Электр және жылу энергиясын өндірудің бүкіл технологиялық процесінің үнемділігі мен сенімділігі тікелей осы қондырғылардың тиімділігіне байланысты. Сорғы құбырлардың, арматуралар мен жылу алмасу беттерінің гидравликалық кедергісінен еркін өте алуы тиіс.
Қоректендіру сорғыларын пайдалану барысы жұмыс параметрлерін қатаң бақылауды және тұрақты техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Себебі олар тазартылған суды деаэраторлардан қазандыққа қажетті қысым мен көлемде тоқтаусыз беріп тұруы шарт. Бұл ретте дірілге, мойынтіректердің температурасына және кірістегі қысымға ерекше назар аударылады.
Компания қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында негізгі және қосымша жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңғыртып келеді.