Өскемен ЖЭО аудитке дайындалуда
Өскемен ЖЭО 2026 жылғы 23-26 маусым аралығында өтетін ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 халықаралық стандарттары бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесін қайта сертификаттау аудитіне дайындалуда.
Дайындық өндірістік процестерді, экологиялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау жүйесін және кәсіпорын жұмысының сапасын тексеруді қамтиды. Станция үшін бұл -тұрақтылықты, жауапкершілікті және халықаралық талаптарға сәйкестікті растаудың маңызды кезеңі. Энергетиктердің күнделікті жұмысы - қалаға жылу мен жарық беру ғана емес, сонымен бірге өндірістік мәдениет пен қауіпсіздікті үздіксіз жетілдіру.
«Біз сыртқы аудиторлар тарапынан өндірістік қызметке қатысты қойылатын барлық сұрақтарға дайын болуымыз керек. ЖЭО мамандары жүргізген ішкі аудит жақсартуды қажет ететін тұстарды анықтауға көмектеседі, алайда әріптестерге деген ішкі жанашырлық та жоқ емес. Сондықтан стандарттардың барлық ықтимал талаптарын ескеру қажет. Егер керек болса, бөлімше басшыларының міндетті түрде қатысуымен құжаттама жүргізуге жауапты қызметкерлерге кеңес беру мен оқытуды ұйымдастыру қажет», - деп атап өтті атқарушы директор Талғат Қайркенов.