ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Өскемен ЖЭО-ға келді
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/21.08.25/21_08_25.jpg

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Өскемен ЖЭО-ға келді

| Жаңалықтар

Бүгін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Өскемен жылу электр орталығының алдағы жылыту маусымына дайындығымен танысты. Делегация құрамында Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев, ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО бойынша Атомдық және энергетикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Советхан Камшыбаев, сондай-ақ ШҚО энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов болды.

«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС-ның бас директоры Сабырғали Идрисов пен «Өскемен ЖЭО» бас директоры Данияр Нугуманов станция жұмысы туралы кеңінен айтып, мұндағы негізгі жобалар бойынша сұрақтарға жауап берді.

Станция 1947 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда өндірілетін жылу энергиясының 84,9%-ы қаланың орталықтандырылған желісіне беріледі, ал 15,1%-ын өнеркәсіптік кәсіпорындар тұтынады.

Биыл жөндеу және жаңғырту жұмыстарына 17,6 млрд теңге бөлінді. Негізгі жобалар қатарына №8, №12 және №13 қазандықтарын күрделі жөндеу, №11 және №12 қазандықтарға баратын бу құбырларын ауыстыру, жерасты су құбырларын қайта жаңарту, №5 жаңа күл үйіндісінің құрылысы және тарату құрылғысы-1-ді жаңғырту кіреді.

Министр станцияның қолданыстағы қуаты мен жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жөндеу науқанының ауқымдылығын атап өтті. Бұл жұмыстар қысқы кезеңде қаланы сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz