Қауіпсіздік - басты басымдық!
ШҚО ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері «Өскемен ЖЭО» ЖШС жұмысшыларымен азаматтық қорғау саласында маңызды дәріс өткізді.
Бұл жаттығу несімен маңызды?
- Төтенше жағдайда үрейге бой алдырмауды үйреттік.
- Өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді көрсеттік.
- Алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырын түсіндірдік.
Ірі кәсіпорындардағы қауіпсіздік шаралары төтенше жағдайлардың алдын алуға және адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді. Тәжірибелік сабаққа белсене қатысқан ЖЭО ұжымына алғыс білдіреміз!