Өскемен ЖЭО-да электр жабдықтарын қайта жаңғырту жобасы аяқталды
Жоба үш жылға созылып, кәсіпорын тарихындағы жоғары кернеулі жабдықтарды жаңарту бағытындағы ең ірі жобалардың біріне айналды. Инвестиция көлемі 2 млрд теңгеден асты. Жаңғырту барысында жабдықтардың негізгі элементтері толықтай ауыстырылды:
- майлы ажыратқыштардың орнына трансформаторлық майдың ағуына байланысты қоршаған ортаға әсерін болдырмайтын қазіргі заманғы элегаздық қондырғылар орнатылды;
- РВС-110 разрядтағыштары – 110 кВ сызықтық емес асқын кернеуді шектегіштерге алмастырылды;
- электр қозғалтқыш жетектері бар 110 кВ жаңа ажыратқыштар;
- ұяшықтарды шиналау жаңартылды, жабдыққа түсетін жолдар, аспалы оқшаулау және құрастырмалы шиналар ауыстырылды;
- релелік қорғаныс пен автоматика жүйесі жаңғыртылды;
- сүзгілер – бөгегіштер мен байланыс конденсаторлары ауыстырылды.
Ескі жабдық шамамен 45 жыл бойы қызмет еткен еді. Жаңғырту жұмыстарына «Институт Автоматизации» ЖШС мамандары атсалысты. Жобаны инженерлік-жобалық қызмет пен электр цехының мамандары қадағалады.
1-ашық тарату құрылғысының (ОРУ-1) қайта жаңғыртылуы кәсіпорын дамуының маңызды кезеңі болды:
- апаттық ажыратулардың алдын алып, желіге электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз етеді.
- жаңартылған релелік автоматика штаттан тыс жағдайларда жабдықты сенімді қорғайды.
- ірі өнеркәсіптік тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігі артады.
Жаңартылған жабдық станцияның қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын, сондай-ақ өңірдің энергиямен сенімді қамтылуын қамтамасыз етеді. Келесі жылы ескірген жабдықтарды алмастыру жалғасын табады: 2-ашық тарату құрылғысын (ОРУ-2) жаңғырту жұмыстары кем дегенде осындай ауқымда жүргізілмек.