Өскеменде жылу беру маусымы аяқталды: ЖЭО жөндеу жұмыстарына және қуаттылықты кеңейтуге көшті
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/23.04.26/23.04.26.jpg

Өскеменде жылу беру маусымы аяқталды: ЖЭО жөндеу жұмыстарына және қуаттылықты кеңейтуге көшті

| Жаңалықтар

Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталып, қаланың басты жылу-электр орталығында ауқымды жөндеу науқаны басталды.

Маусым тұрақты аяқталды
Өскеменде жылу беру маусымы ресми түрде 22 сәуір күні сағат 00:00-де аяқталды. Ол барлығы 203 тәулікке созылды. Осы кезең бойы Өскемен ЖЭО халықты, әлеуметтік нысандарды, бизнес пен өнеркәсіпті жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етті. Өндірілген жылу энергиясының жалпы көлемі 2,15 млн Гкал құрады.

Келесі қысқа дайындық басталды
Станцияда жөндеу науқаны басталып кетті. Ол қазан айына дейін жалғасады және негізгі жабдықтардың барлық 17 бірлігін қамтиды. 2026 жылы бұл мақсаттарға 15 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Сонымен қатар, станцияны кеңейту бойынша - №13 турбоагрегат пен №16 қазандық агрегатын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Бұл жоба жылу қуаттылығының тапшылығын азайтуға және өңірді энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Станцияның ірі жобалары:

  • Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету бойынша ең озық қолжетімді техникаларды енгізе отырып, ст.№ 13 турбоагрегатының және ст. № 16 қазандық агрегатының құрылысымен станцияны кеңейту.
  • АТҚ-2 құрылғысын реконструкциялау - жобаны іске асыру 2026 жылдан 2029 жылға дейінгі төрт кезеңге есептелген.
  • Жер асты өнеркәсіптік су құбыры желілерін күрделі жөндеу - жұмыстар 2025 жылы басталды. Аяқталуы 2028 жылға жоспарланған.
  • Бас корпусты қайтақұрастыру - жұмыстар 2025 жылы басталды. Аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.

Анықтама:
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы – электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу нарықтарында жұмыс істейтін тігінен интеграцияланған холдинг. Компания 2008 жылы құрылған. «ҚКЖ» ЖШС қызметінің негізгі түрлері: электр энергиясын өндіру; жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын тасымалдау; жылу және электр энергиясын өткізу. Компания Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау сияқты еліміздің төрт облысында жұмыс істейді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС – Шығыс Қазақстан облысындағы жылу және электр энергиясын өндіретін ең ірі кәсіпорын. 2017 жылдан бастап «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының құрамына кіреді. Станцияның белгіленген жылу қуаты – 859,9 Гкал/сағ, электр қуаты – 372,5 МВт құрайды. Орнатылған жабдықтар: 75 т/сағ. - 500 т/сағ. дейін 9 қазандық агрегаты; Қуаты 4-тен 120 МВт дейінгі 8 турбоагрегат. Орнатылған жабдықтар: Өнімділігі сағатына 75 тоннадан 500 тоннаға дейінгі 9 қазандық агрегаты;

Қуаттылығы 4-тен 120 МВт-қа дейінгі 8 турбиналық агрегат.

БАҚ үшін байланыс:
Билялова Карина, +7 702 889 14 64, +7 777 148 69 98
Электрондық пошта: pr.uktets@uktets.kz



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz