Серік Байсаринов: Электромонтерден цех бастығының орынбасарына дейінгі 36 жылдық кәсіби жол
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/23.05.25/23_05_25.jpg

Серік Байсаринов: Электромонтерден цех бастығының орынбасарына дейінгі 36 жылдық кәсіби жол

| Жаңалықтар

Серік Байсаринов – Шығыс Қазақстан облысы, Горное ауылының тумасы. Мектеп бітіріп, әскери борышын өтегеннен кейін, болашағын энергетикамен байланыстырып, арнаулы оқу орнына түседі. Осылайша өмірлік жолының темірқазығы анықталып, кәсіби сапары басталады.

2008 жылдан бері Серік Алтыбаевич «Өскемен ЖЭО» ЖШС-да еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол аға электрмонтер қызметінен бастап, электр цехының жөндеу жұмыстары жөніндегі бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Бұл салада ол 36 жыл бойы тынымсыз еңбек етіп келеді, соның 17 жылы аталмыш кәсіпорында өтті.

Оның қатысуымен жүзеге асқан маңызды жобалар: қазандық және турбиналық агрегаттардың релелік қорғанысы мен автоматикасын қайта жаңғырту, тарату құрылғыларын заманауи талаптарға сай жаңарту және №12 турбиналық агрегатты іске қосу.

Қазіргі таңда Серік Алтыбаевич ашық тарату құрылғысын (ОРУ) жаңғырту жобасын үйлестіріп, станцияны кеңейту аясындағы жаңа қазандық және турбоагрегат құрылысына да белсене атсалысып жүр.

Іскерлігі мен жан-жақтылығын әріптестері ерекше атап өтеді. Олар оны бастамашыл, тың ойлайтын, қиын сәтте жол таба білетін маман ретінде сипаттайды. Кәсіби еңбегі елеусіз қалған жоқ - 2014 жылы Қазақстан Электр энергетикасы қауымдастығының Құрмет грамотасымен, ал 2024 жылы Мемлекет басшысының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Жұмысынан тыс уақытта Серік Алтыбаевич – табиғат аясында демалғанды ұнататын жан. Балық аулау, аңшылық, спорт - оның сүйікті ермектері. Сонымен қатар, ол жастарды және ұжым ішіндегі спорттық бастамаларды қолдауға әрдайым ниетті. Оның кәсіби ұстанымы – техникалық сауаттылықты үздіксіз даму ұмтылысымен ұштастыру.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz