Өскемен ЖЭО қызметкерлерін азаматтық қорғауға оқыту
2025 жылғы 18-19 қыркүйек аралығында «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері үшін азаматтық қорғау саласында оқыту жүргізілді. Сабақтарға құралымдардың командирлері, АҚ құралымдарына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілердің сабақ топтарының жетекшілері қатысты.
Оқыту барысында практикалық дағдылар пысықталып, төтенше жағдайлар туындаған кезде құралымдар командирлерінің іс-қимылы, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселелері қаралды, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнаманың негізгі ережелері зерделенді.
Оқуды ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник Алмас Ағламбекұлы Байжұминов жүргізді