Кадрларды даярлау жөніндегі форсайт-сессия
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2025/23.10.25/23.10.25.jpg

Кадрларды даярлау жөніндегі форсайт-сессия

| Жаңалықтар

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өңір үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған «Мамандығым - Болашағым» жобасы аясында форсайт-сессиялар сериясы жалғасуда.

Жұмыстың үшінші күні Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын екі стратегиялық маңызды бағытқа - энергетика мен туризмге арналды. Талқылауға бизнес, білім беру және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, cондай-ақ «Өскемен ЖЭО» ЖШС атынан КОО жетекшісі Наталья Слабодчикова қатысты.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ZOOM форматында іс-шараға қосыла отырып, «Мамандығым - Болашағым» жобасы білім беру, бизнес және мемлекет арасындағы өзара іс-әрекеттердің заманауи моделін құру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген мұндай алаңдар оқу орындары мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, заман талабына сай жаңа кәсіптер мен құзыреттілікті айқындауға ықпал ететінін айтты.

Форсайт-сессия сарапшыларға сертификаттарды табыстаумен аяқталды. Кездесу қорытындысы өңірдің тұрақты дамуына бағытталған мамандықтар мен білім беру бағыттарының өзекті тізімін қалыптастыруға негіз болады.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz