Өскеменде өңірде дуальды оқытуды дамыту талқыланды
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
images/news/2025/24.06.25/24_06_25.jpg

Өскеменде өңірде дуальды оқытуды дамыту талқыланды

| Жаңалықтар

2025 жылғы 24 маусымда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Шығыс Қазақстан облысында дуальды оқытуды дамыту. Қорытындылар мен перспективалар» дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шара ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, облыстық білім басқармасының, колледждердің, сондай-ақ дуальді оқыту жүйесін енгізетін кәсіпорындардың өкілдерін жинады. Өскемен ЖЭО Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Наталья Слободчикова баяндама жасады. 

Дөңгелек үстел барысында Өскемен ЖЭО атқарушы директоры Талғат Қайркенов Өскемен ЖЭО, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы және Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтар жылына арналған "Кәсіби маман" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Өндірістегі үздік тәлімгер» номинациясында Өскемен ЖЭО қазандық цехының аға машинисі Ернұр Тоқышев жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық палатасының Өңірдегі кәсіптік білім беруді дамытқаны үшін алғыс хаты Наталья Слабодчиковаға тапсырылды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарға ие болуларымен құттықтаймыз, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

© 1947-2025 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz