Даму, жобалар және ашық диалог: «ҚКЖ» бас директорының Өскемен ЖЭО-ға сапары
Skip to main content
+7 (7232) 29-03-59
uktets@uktets.kz
Месторасположение: РК, г. Усть-Каменогорск, ул. Промышленная, 2
Пресс-служба: +7 (7232) 290-215
Email: pr.uktets@uktets.kz
images/news/2026/24.07.26/24.07.26.jpg

Даму, жобалар және ашық диалог: «ҚКЖ» бас директорының Өскемен ЖЭО-ға сапары

| Жаңалықтар

Өскемен ЖЭО-да «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» компаниялар тобының Бас директоры Сабырғали Идрисовтың жұмыс сапары өтті. Кездесу ағымдағы өндірістік міндеттерді, стратегиялық жобаларды іске асыруды және кәсіпорынды ары қарай дамытуды талқылаудағы маңызды кезеңге айналды.

Сапар барысында басшы жөндеу науқанының барысымен танысып, өндірістік нысандарды аралады және станция жұмысының сенімділігін арттыруға әрі жабдықтарды алдағы жылу беру мезгіліне дайындауға бағытталған негізгі жобалардың іске асырылуын бағалады.

Кездесудің маңызды бөлігі - ұжыммен жүргізілген ашық диалог болды. Қызметкерлер «ҚКЖ» компаниялар тобының басқа кәсіпорындарында бүгінде іске асырылып жатқан ауқымды жобалармен танысуға мүмкіндік алды. Олардың қатарында: Қазақстандағы ең ірі ЖЭО-3-те жаңа қазандық пен турбина құрылысы, Кентау қаласында газ станциясы құрылысының жобасын дайындау, Ақтау, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы электр желілерін ауқымды жаңғырту бар. Бұл жобалар Топтың даму қарқынын және оның елдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға салған ұзақ мерзімді инвестицияларын айқын көрсетеді.

Сондай-ақ қызметкерлерді толғандырған мәселелер, персоналды оқыту мен дамыту перспективалары талқыланды.

«Осы жердегі адамдардың бәрі мен үшін жақын. Өскемен ЖЭО - үлгілі станция және білікті мамандар даярлайтын орталық. Алдымызда ауқымды жобалар тұр. Негізгі жоба - №13 жаңа турбоагрегат пен №16 қазан агрегатын салу арқылы Өскемен ЖЭО-ны кеңейту. Жаңа қуаттарды іске қосу Өскемен қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға және жаңа тұрғын аудандары мен әлеуметтік нысандарды қосуға қажетті резервті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұжымның биік белестерді бағындыратынына сенімім мол. Станцияда мұндай ауқымды жаңғырту көптен бері болған жоқ. Баршаңызға табыс және апатсыз жұмыс тілеймін!»

Мұндай кездесулер кәсіпорын жұмысының ағымдағы нәтижелерін бағалап қана қоймай, стратегиялық мақсаттарды бірлесе түсінуді қамтамасыз етуге, командалық рухты нығайтуға және Өскемен ЖЭО-да да, «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» тобының басқа кәсіпорындарында да жобаларды іске асырудың жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.



Мекенжайы: ҚР, Өскемен қ. Промышленная к-сі, 2 (карта)
Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 290-359, вн. 7359 / Кеңсе: +7 (7232) 290-389, вн.7389
Email: uktets@uktets.kz

© 1947-2026 «Өскемен» ЖЭО Барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты техникалық қолдау arctika.kz