Степное кентінде балаларға арналған волейбол алаңы ашылды
Жақсы істер көбінесе қарапайым бастамадан және өз елді мекеніне пайдалы іс жасау ниетінен басталады.
Степное кентінде тұратын Өскемен ЖЭО қызметкерлерінің бірі жергілікті балаларға арналған волейбол алаңының аумағын абаттандыруға техника жағынан көмек көрсетуді сұрап, кәсіпорынға жүгінді. Қажетті жұмыстарды атқару үшін тиегіш қажет болатын. «Қазақстан коммуналдық жүйелері» (ҚКЖ) компаниялар тобының құрамына кіретін Өскемен ЖЭО бұл бастаманы қолдап, арнайы техника бөлді.
Ортақ іске жергілікті кәсіпкерлер, «ҚазАвтоЖол» өкілдері және Степное кентінің бейжай қарамайтын тұрғындары да атсалысты. Біреулер техника мен материалдардан көмектессе, тұрғындар өз күштерімен аумақты абаттандырып, алаңды дайындады.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде кент балаларының волейбол ойнайтын, таза ауада уақыт өткізетін және спортпен шұғылданатын орны пайда болды. Кабир Матчанов, отын-көлік цехының жұмысшысы: “Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, техника өз міндетін сәтті орындады: алаңды тегістеп, түбірлерді тазалады. Қазір ойнап жүрген балаларды көріп, жүрегіміз қуанышқа бөленеді!”
Жасөспірім ұлдар тіпті Кабир ағаға алғыстарын білдіріп, арнайы видеожазба да түсірді.
Бұл игі бастама жекелеген адамның белсенділігі көпшілікті ортақ іске жұмылдыра алатынын дәлелдеді. Қайырымды іске кәсіпорын да, кәсіпкер де, қарапайым тұрғындар да бірдей атсалысса, нәтиже де күттірмейді.